Бұқар Жырау ауданында фермер өз қызметкерлеріне үй салып жатыр

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ынтымақ ауылында он жаңа үй салынуда. Жергілікті шаруа қожалығының иесі өз жұмысшыларына тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуде. Жаңа жылға қарай ауыл тұрғындары қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.

«Ынтымақ» ШҚ ауылды дамытуға көмектесіп жатыр. Кәсіпорын мектептің шатырын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарына демеушілік етті. Сонымен бірге өз қаражатына спорт алаңын салды.

Ынтымақ ауылында 300-ге жуық адам тұрады. Шаруа қожалығы ауыл тұрғындарына жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ жергілікті жастар туған өлкесінде қалуы үшін және басқа жерлерден жұмысшылар келуі үшін жаңа үйлер салуды ұйғарған.

- Біз картоп пен дәнді дақылдарды өсіреміз. Мал шаруашылығымен айналысамыз. Кадрлардың жетіспеушілігіне қатысты проблема бар. Ауыл дамығанын, адамдар осында көшіп келгенін қалаймыз. Ауылда проблемалар аз емес. Мектеп жабылмаса екен деп алаңдаймыз. Ынтымақ тұрғындары осында интернет өткізілуін күтуде. Бұл мәселелерді мемлекетпен бірге шешу керек, - дейді ШҚ басқарушысы Төлен Шайхин.

Қызметкерлерге арналған баспана кең және абаттандырылған, көкөніс бақшасы бар үйлер болады. Тұрғын үйді осы жазда тапсыру жоспарланған болатын, бірақ карантинге байланысты құрылыс ұзаққа созылып кетті. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, Ынтымақта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жобалар жүзеге асырылды. Су құбыры салынып, ауылдық клубтың шатыры жөнделді.