Ақтоғай ауылында заманауи балалар алаңы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтоғай аудан орталығында, мәдениет үйінің жанында балалар алаңы жаңартылды. Бюджет қаражаты есебінен «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарын «KKK LTD» ЖШС жүргізді.

Енді алаңда әткеншек, жабық ойын шағын кешені, күрке және жасанды жабын бар. Ашық түстер кішкентай ауыл тұрғындарын қуантады.

- Балаларға қуаныш сыйлау - үлкен бақыт. Енді біздің балаларымыз жаңа алаңда ойнай алады. Қазіргі уақытта қонақтар мен ауыл тұрғындарының серуендеуі үшін заманауи демалыс орындары салынуда, - дейді Ақтоғай ауылының әкімі Қайыр Болғанбаев.