Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында амбулатория ғимаратының қасбеті күрделі жөндеуден өтті

Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның қасбеті мен шатырының күрделі жөндеуі аяқталды. Жөндеу жұмыстарына «Ауыл - ел бесігі» жобасы мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қаражат бөлінді.

Жөндеу барысында ғимараттың қасбеті қалпына келтіріліп, нығайтылды, шатыр жұмыстары да жүргізілді. Сонымен қатар, 16 көше шамдары қайта қалпына келтіріліп, жаңа қоршау пайда болды.

Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны жөндеуге 15 адам жұмылдырылды. Олардың бесеуі аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.

Сондай-ақ, амбулаторияда ішкі әрлеу жұмыстары да өтеді.