Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында елдегі саяси аумақтық саясатқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ел астанасын көтеру оң шешім болған. Әйтсе де, бірқатар облыстар мен аудандардың жабылуы өңірлердің дамуына кері әсер тигізген, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
- 30 жылда аймақтық саясатта астананы ауыстырғаны оң шешім болды. Одан Алматы қаласы тек ұтты. Ал қате шешім - ол бірқатар облыс пен аудандардың жабылуы. Әсіресе Арқалық (Торғай обл.), Жезқазған (Жезқазған обл.) және Семей (Семей обл.) ел-жұртына ауыр тиді, өңірлердің дамуына кері әсерін тигізді. Осыны мойындау керек, - деп жазды Берік Әбдіғалиұлы.