Шұғыл
  • "Қазақалтын" кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Басты бет

Main navigation

  • Негізгі
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Саясат
    • Әлем
    • Мәдениет
    • Спорт
    • Экономика
    • Фотогалерея
  • Аймақтар
    • Қарағанды
    • Балқаш
    • Жезқазған
    • Қаражал
    • Приозерск
    • Саран
    • Сәтбаев
    • Теміртау
    • Шахтинск
    • Абай
    • Ақтоғай
    • Бұқар жырау
    • Жаңаарқа
    • Қарқаралы
    • Ұлытау
    • Нұра
    • Осакаров
    • Шет
    • Сарыарқа Жауһарлары
  • Аймақтар

    REGIONS menu Categories

    • Қарағанды
    • Балқаш
    • Жезқазған
    • Қаражал
    • Приозерск
    • Саран
    • Сәтбаев
    • Теміртау
    • Шахтинск
    • Абай
    • Ақтоғай
    • Бұқар жырау
    • Жаңаарқа
    • Қарқаралы
    • Нұра
    • Ұлытау
    • Осакаров
    • Шет
    • 6 наурыздағы Қарағанды облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал
      Жаңалықтар Коронавирус Маңызды Қарағанды 06 03 2021
    • Көсем бейнесі – көпшілік жадында
      Жаңалықтар Мәдениет Теміртау 05 03 2021
    • Әлихан Бөкейхан жайлы деректер (фото)
      Жаңалықтар Мәдениет Қарағанды 05 03 2021
    • Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әйелдерін 8 Наурыз мерекесімен құттықтады
      Жаңалықтар Қоғам Қарағанды 05 03 2021
    • Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды
      Жаңалықтар Қоғам Қарағанды 05 03 2021

    Қаражалда ахуал қалыпты

    Аймақ Қаражал 16 04 2020
  • Видео
    • Брифинг
    • Поэзия
    • Сұхбат
  • Коронавирус
  • Қаз
  • Рус
  • Eng

Menu second

  • About
  • Gallery
  • Services
  • 404 Page

Қысқы бақтың қызығы

Арқа төрінде қысы-жазы тропикалық жемістер өнім беруде. «Арқаның суығында қалай өсіп тұр» деп ойлаған боларсыз?! Қазақстанда өсімдіктің мың сан түрін өсіретін үш қысқы бақ бар десек, cоның бірі – Теміртауда. Келген қонақты құшақ жая қарсы алатын орталық көптің аузынан түспейді бүгінде. Ерекше күтімнің арқасында өз нәтижесін беріп келеді. Сол кереметті қалың оқырманмен бөлісуді жөн көрдік.

Саябақ 1993 жылдан жұмыс істеп келеді. Соңғы рет 2010 жылы шағын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарына 313 млн. теңге бөлінген. Қысқы бақтың алды жөнделіп, пандус қойылды. Ғимараттың сыртқы әйнектері ауыстырылып, төбесі жаңадан жабылды. Ішінде тұрған субұрқақ та жаңарып, жерге тас төселді. Сондай-ақ, жылу құбырлары мен желдеткіштері ауыстырылған. Сыртқы ауласына гүлдер егіліп, қоршаулары таспен көтеріліпті. Жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Салынып жатқан автодром ғимаратының ішкі жұмыстары ғана қалған. Қазір саябақта аквариум, тир ғимараты мен қосымша үш павилион жұмыс істеп тұр.
– Саябақтың жалпы аумағы – 7,4 мың шаршы метр. Ал, қысқы бақ – 2 мың шаршы метр. Ұжымда 80 адам жұмыс істейді. Жазда аттракциондар ашылған уақытта қосымша 16 адам жұмысқа тартылады, – деді саябақ директорының орынбасары Аман Төкішов.
Қысқы бақта банан, пальма, инжир, анар ағаштары мен ерекше күтімді қажет ететін 100-ден астам өсімдік түрі өседі. Оларды Қарағандыдан, Алматыдағы ботаникалық бақтан алдыртқан. Мәселен, банан ағашы жеміс беріп тұр. Бір ерекшелігі, жемісін алғаннан кейін түбінен кесіп тастамасаң, өнім бермейтін көрінеді. Сонда тамыры арқылы маңайынан қайта өседі екен.
– Ерекше күтімді қажет ететін гүл түрлерін жайшылықта аулада, бақта, тіпті бөлмеде өсіре алмайсыз. Өте әлсіз. Күнде суғарып, тыңайтқыштар себіледі. Өсімдіктің қай түрін алсақ та, климатқа сәйкес таңдап аламыз. Себебі, біз жақта ауа-райы құбылмалы. Қыста бақтың ішіндегі ауа температурасын 16-18 градусқа дейін ұстап тұрамыз. Одан төмен түссе – солып қалады, – дейді агроном Ботагөз Тәшенова.
Мұндағы өсімдіктің ерекше бір түрі – 15 жылда бір-ақ рет гүлдейтін Фуркрея. Гүлі бүр жарғанда 16-20 метрге жетіп, өліп қалады. Банан ағашы секліді кесіп тастау керек. Дәл қазіргі өсіп тұрған фуркрея екінші мәрте өскен тұқым. Алғашқысын кескеннен кейін біраз жылдан соң өскен түрі. Сондай-ақ, бұл жерден қытай розасын кездестіруге болады. Ол бір-ақ күн өмір сүреді екен. Күн шығысымен гүлдесе, кешкісін өледі.
Ербол ЕРБОЛАТ.

Жалпы мәлімет

  • Агенттік туралы
  • Редакция
  • Жарнама
  • Сайт ережелері

Бөлімдер

  • Қоғам
  • Саясат
  • Covid-19
  • Мәдениет

Проекты

  • LIFE09

Байланыс

  • Қазақстан Республикасы, 100009 Қарағанда қ., Ә.Ермеков көшесі 33 үй
  • +7 (7212) 43-57-78
  • info@saryarqanews.kz
  • +7776 532 51 53
© Copyright 2020. «SARYARQA AQPARAT»