Қысқы Олимпиадада Қытай мемлекетінің намысын қорғайтын қазақ қызы туралы не білеміз?

Ақнар Адаққызы 1999 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Құттыби ауданында туған. Қазіргі күні Ақнар конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі. Ол осы уақытқа дейін талай мәрте республикалық және халқаралық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алған. Жастар арасындағы конькимен жүгіруден 2019-2020 жылғы Әлем кубогының екі кезеңіне қатысқан Ақнар алтыннан алқа таққан. Коньки спортынан қытай елінің рекордын жаңартқан чемпион!

                     f

Ақнар Олимпиада кезінде спорт жағынан ғана емес, сондай-ақ, өзінің сұлулығымен де ерекше көзге түсіп, халықты тамсандырып үлгерген.

Қытайдың коньки құрамасын бастап шығатын 22 жастағы қазақ қызына жанкүйерлері видео арнапты.

                      f

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің намысын Шыңжаң өлкесінің жергілікті үш қазағы да қорғайды.