Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 2837 отбасы (12 944 адам) оның ішінде 913 көп балалы ана 336,5 млн. теңге көлемінде көмек алды.
Қарағанды облысы бойынша 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 2,5 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 1,9 млрд. теңге республикалық бюджет есебінен, 0,5 млрд. теңге – ЖБ есебінен.
Ал кепілді әлеуметтік пакет 3358 балаға (2837 отбасы), оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейін – 1736 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 1622 балаға 365,0 млн. теңге көлемінде тағайындалды.
Биыл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік топтамаға 725,9 млн. теңге (РБ – 547,1 млн. теңге және ЖБ – 178,7 млн. теңге) бөлінді.