Кәсіби мереке қарсаңында Жезқазғанның Денсаулық сақтау саласының 20 жас қызметкеріне пәтер кілттері табысталды. Жаңа пәтерлерді беруге "Қазақмыс" корпорациясы демеушілік көрсетті.
Пәтер кілттерін қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова салтанатты түрде тапсырды.
"Сенім" кәсіподақ ұйымы мерекелік құттықтау эстафетасына қосылып, жаңа қоныстанушыларға қысқа толқынды пештер сыйлады.
Сондай-ақ мереке қарсаңында Жезқазған қаласының медицина қызметкерлері "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Алтын дәрігер", "Кәсіби жетістіктері үшін" және "Мейірім" төсбелгілерімен марапатталды.
Ал басқада қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС жанындағы Nur Otan партиясы филиалының Құрмет грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының он өкілі қала әкімінің 100 мың теңге көлеміндегі сыйлығына ие болды.