Алматы облысында туристік полиция қытай тілінде де қызмет көрсетеді

Алматы облысында туристік полиция бөлімшесі жұмысқа кірісті. Бөлімшеде мемлекеттік тілден бөлек, ағылшын, орыс және өңірдің Қытаймен шекараласатынын ескере отырып, қытай тілін еркін меңгерген қызметкерлер де жұмыс істейді.

Жаңадан құрылған полиция бөлімшесіндегі офицерлік құрамның штаттық саны 5 бірліктен тұрады.

«Туристік полиция құрамына енген қызметкерлер мұқият іріктеуден өтті, заңнаманы және шет тілдерін жақсы меңгерген. Олар еліміздің тарихын да жақсы біледі, әңгімешіл, ашық. Әрқайсысы мемлекеттік тілден бөлек, ағылшын және орыс тілдерін жақсы меңгерген. Сонымен қатар, өңіріміз Қытай Халық Республикасымен шектесетінін ескере отырып, бөлімшенің бір қызметкері қытай тілін еркін меңгерген. Барлығы видеотіркеуіштермен, рациялармен, планшеттермен, формалық кеудеше және басқа да қажетті заттармен жабдықталған. Жеке автокөліктері де бар», – делінген полицияның баспасөз релизінде.

inform.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай