Қарағандыда 19 мамыр күні жартылай марафонның өтуіне байланысты автожолдар жабылады

Қарағандыда алдағы жексенбі, 19 мамыр күні Armanga jol 2019 жартылай марафоны өтеді. Ауқымды спорттық шара жанкүйерлер мен көрермендерге арналған ойын-сауық бағдарламасымен сүйемелденетін болады. Тәуелсіздік алаңында үш сағаттық спорттық-ат шоуы өтеді.

Жартылай марафон 8.00-де басталады. Жаппай жүгіру Тәуелсіздік алаңында бастау алады және сол жерде мәремен аяқталады. Жарыс бағдарламасына 2 – ден 21 шақырымға дейін жүгіру, сондай-ақ 7 шақырым скандинав жүруі кіреді.

Спорттық шараға байланысты сағат 7.00-ден 12.00-ге дейін Қарағандының келесі жолдары жабылады:

  • Бұқар Жырау даңғылының бөлігі (Н. Әбдіров даңғылы қиылысынан Ленин көшесінің қиылысына дейін);
  • Ленин көшесі (Бұхар Жырау даңғылының қиылысынан Терешкова көшесінің қиылысына дейін);
  • Мұстафин көшесі Н. Әбдіров даңғылының қиылысына дейін;
  • Н. Әбдіров даңғылы бойындағы бір жақты жол;
  • Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бөлігі (Бұхар Жырау даңғылынан Ерубаев көшесінің қиылысына дейін);
  • Ерубаев көшесі (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысынан Әлиханов көшесінің қиылысына дейін).

Жартылай марафонды ұйымдастырушылар ыңғайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай