Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы журналистік материалдар байқауы басталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналистер, блогерлер мен вайнерлер арасында үздік жарияланым байқауын өткізеді. Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жазылған материалдар ұсыну қажет, деп хабарлайды «Сарыарқа-Ақпарат».

Байқауға БАҚ-та немесе әлеуметтік медиа-ресурстарда жарияланған немесе 2019 жылғы 1 мамырдан 1 тамызға дейінгі кезеңде эфирге шыққан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жұмыстар, сондай-ақ жарияланымдар циклі қабылданады. Жұмыс саны шектелмеген.

Байқау комиссиясы 4 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады:
– «Үздік интернет – жарияланым»;
– «Үздік телевизиялық жұмыс»;
– «Үздік баспа жарияланым»;
– «Үздік вайн».

Байқау азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеріп,
жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтарды сақтап, нығайтуға бағытталған.
Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2019 жылдың 10 тамызына дейін қабылдайды.

Байқауға қатысатын жұмыстар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:

010000, Нұр-Сұлтан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705-кабинет.

Тел. + 7 (7172) 909-199, ұялы: + 77782882077, электрондық пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай