Қарағандылық полицейлер самбо бойынша республикалық турнирде алты медаль жеңіп алды

Алматы қаласында өткен самбодан республикалық турнирде Қарағанды облысы Полиция департаментінің алты қызметкері бірінші және жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды «Сарыарқа-Ақпарат».

Жарыс Жеңіс күніне және Жастар жылына арналды.

Турнирге республиканың құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан командалары қатысты. Спортшылар самбо және жауынгерлік самбо күресінен 9 салмақ дәрежесінде күш сынасты.

Қарағандылықтар құрмет тұғырына бірнеше рет көтерілді.

Жауынгерлік самбо бойынша СОБР қызметкерлері Алтын медальға ие болды: Тайбек Омаров (62 кг) және Құдайберген Төлеубаев (100 кг). 90 келі салмақ дәрежесінде Бұқар-Жырау Мұстафин атындағы кентінің жедел уәкі Шыңғыс Ізмұханов күміс жүлдегер атанды.

Самбодан 100 кг салмақ дәрежесінде Санат Амантаев жеңіске жетті. Қола жүлдені СОБР взвод командирі Нұржан Халилин (100 кг) және СОБР инспекторы Айдын Дартаев (90 кг) иеленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай