Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бұл оқиға 9 мамырда сағат 18.30 Петропавл – Нұр-Сұлтан жолында Кокшетаудан үш шақырым қашықтықта болған. Toyota Land Cruiser автокөлігі жол бойында тұрған асфальттөсегішке соғтығысқан.

«1974 жылғы көлік жүргізушісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған. Ол оқиға орнында қаза тапты. ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлімі бойынша сот өндірісі басталды», – деді баспасөз өкілдері.

Нұркенов Жомарт Жұмағалиұлы, 1974 жылы дүниеге келген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» өндiрiстiк кооперативiнде мал дәрiгерi болып бастаған. 1998 — 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлiгi Ақмола облысының аумақтық басқармасында жауапты қызметтер атқарды.

2012 жылдың ақпан айынан бастап 2013 жылдың маусым айы аралығында Ақмола облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы қызметiнде болды.

2013 жылдан бастап 2018 жылдары аралығында Атбасар ауданының әкiмi, Аршалы ауданының әкiмi, Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлiгi Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетiнiң төрағасы лауазымдарын атқарды.
2019 жылғы сәуiрде Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай