Самал Еслямова, Қанат Ислам сияқты «жұлдыздар» Тоқаевтың штабына кіре бастады

Президентке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабына 200-дей адам кірді. Бұл туралы республикалық қоғамдық штабтың ресми ашылуында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Штаб құрамына 187 адам кірді, олар елге танымал адамдар, қоғам қайраткерлері. Оның ішінде даңқты спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Айбек Нұғымаров, Әлия Юсупова, Қанат Ислам, Динара Садуақасова сияқты саңлақтарымыз бар. Аружан Сайын, Динара Закиева, Вера Ким және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдері келісімін берді. Штабқа әртістер де кірді. Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мейрамбек Беспаев, Самал Еслямова бар», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, штаб құрамында Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы, Сауэр Иван Адамович, Пя Юрий Владимирович те бар.

Республикалық қоғамдық штаб Nur Otan партиясы Орталық аппараты ғимаратында орналасқан.

Жалпы, ел бойынша 17 өңірлік, 210 қалалық және аудандық қоғамдық штабтар жұмыс істейтін болады, онда 6 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әзірге кандидаттың 19,5 мыңдай сенімді өкілі бекітілді.

zakon.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай