Атыраудың орталық мешітінде Рамазан айында «Тегін такси» қызмет көрсетеді

Атыраудың орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында «Тегін такси» қызмет көрсетеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың бастамасымен іске қосылған жоба Тарауих намазына келген жамағатқа, соның ішінде үлкендерге қызмет көрсетеді.

«Қасиетті Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Егер Сіз жақсылық іс қылсаңыз, Алла Тағаланың құзырында сансыз сауап жазылады. Орталық «Иманғали» мешітіне күнделікті Тарауих намазына келуші жамағаттың қарасы көп. Тегін такси жобасы әсіресе ақсақалдарымызға, қарт аналарға қызмет етіп, ол кісілерді намаздан соң үйіне жеткізіп салатын болады», – дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай