Қолжетімді бағамен ұшу: Қарағандыдан Алматыға әуе сапарлары 6000 теңгеден басталады

Қарағандылықтар Алматыға жайлы ұшақтармен қолжетімді бағамен ұшу мүмкіндігіне ие болды. FlyArystan қазақстандық лоукостері Қарағандыға алғашқы рейсін жүзеге асырды.

– Арзан бағамен ұшу секілді бұл жаңалықты жергілікті халық көптен күткен болатын. Бұл әлем бойынша жүзеге асырылып жатқан тәжірибе. Енді бізде де Елбасының тапсырмасы бойынша AirAstana компаниясы құрған FlyArystan лоукостері пайда болды. Осы қызмет түрі авиажолаушылар үшін уақтылы іске асырылды, – деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Ол сонымен қатар әуежайға дейін баратын автобус маршрутын ашу жоспары туралы хабарлады.

Лаукостер-компания билетінің ең төменгі бағасы 6000 теңгені құрайды. Бұл сомаға ұшу және бес килограмм қол жүгін тасымалдауға рұқсат беріледі. Қажет болған жағдайда багаж қосымша төленеді.

Борттағы азық-түлік пен сусындар да бөлек бағаға сатып алынады. AirAstana компаниясының президенті Питер Фостердің айтуынша, баға тұрақты. Сэндвич, кофе және тоқаштар қаптамасы кіретін екі адамға арналған кешен 2400 теңгені құрайды.

FlyArystan ұшақтары Алматыдан Қарағандыға күн сайын ұшатын болады.

Қазір FlyArystan иелігінде Airbus A320 маркалы екі ұшақ бар. Қыркүйек айында ұшақтар саны төртке дейін ұлғайтылады, келесі жылдың соңында олар тоғыз болады, ал 2021 жылдың соңында компанияда 15 борт болады деп жоспарлануда.

Қазір лоукостер басшылығы болашақ базалардың бірін Қарағанды әуежайында орналастыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Келешекте тек Алматыға ғана емес, еліміздің басқа қалаларына да рейстер жасалады деп күтілуде.

“Қолжетімді бағамен ұшу: Қарағандыдан Алматыға әуе сапарлары 6000 теңгеден басталады” тақырыбына бір пікір жазылды

  1. Сіздердің қойған мақсаттарыңыз өте дұрыс. Мен қолдаймын. Қазіргі замани талапқа сай жүргізіліп жатқан оңды іс деп есептейміз. Тек алдағы уақытта Алматы – Ақтөбе, Ақтөбе- Алматы бағытты бойынша ұшақтар енгізілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені Алматы-Ақтөбе бағыты ұзақ екі күндік уақыт кетеді, сол себептен осы айтылған пікірді қарастырып, оң нәтижесі шығады деп ойлаймын. Сіздердің жасап жатқан қызметтеріңізге табысты мол жылдар болған. Аман есен халқымызды бара орнына апарып, қуанышына бөлене беріңіздер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай