Ерлан Қошанов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Қарағанды облысында АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше ж»не Өкілетті Елшісі Уильям Мозер болып қайтты. Дипломатпен кездесу барысында аймақ басшысы Ерлан Қошанов облысымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің америкалық үлгісін енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

– Қазір біз мемлекеттік қызметтерді дамыту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Облыс орталығында «ақылды» қаланың жобаларын енгізудеміз. Биыл цифрландыру бағдарламасы шеңберінде бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады. Мұндай тәжірибе Джорджия штатының Сэнди-Спрингс қаласында бар. Біз онда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік моделі табысты іске асырылып жатқанын білеміз. Қаланы тек 7 адам басқарады, ал барлық дерлік муниципалдық қызметтер бәсекелі ортаға берілген, – деді Ерлан Қошанов.

Ол елшіден Америкадағы үздік шаһарлар тізімінде бар қаланың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берулерін сұрады. Уильям Мозер өз кезегінде ол ақпаратпен толығырақ бөлісуге уәде берді.

АҚШ елшісі Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік салаларында оң өзгерістер байқағанын атап өтті.

– Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға келер жолдың жақсарғаны қуантады. Кеше мен Теміртау қаласында болдым, металлургиялық комбинат пен №16 мектепте болып қайттым. Көргенімнің барлығы керемет әсер қалдырды. Білім деңгейі, жаңа технологиялардың енгізілуі – барлығы тамаша, – дейді Уильям Мозер.

Дипломат басым бөлігі Қарағанды облысының аумағынан өтетін жаңа газ құбырының құрылысы секілді ауқымды жобаның жүзеге асырылуы өте өзекті екенін атап өтті.

Ерлан Қошанов АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісіне инвестициялық ұсыныстарды табыс етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай