Қарағанды кәсіпкерлері мемлекеттік сатып алулар бойынша өтетін семинарға қатыса алады

Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасында 30 сәуірде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семнар жиналыс өтеді.

Басқосу барысында мемлекеттік сатып алулар тақырыбында талқылаулар өтеді. Осы саладағы жаңалықтарға қатысты сұрақтары бар кәсіпкерлер өз сауалдарына жауап ала алады.

Семинардың басталуы: 15.00. Қарағанды, Ермеков көшесі 29, 3 қабат, (мәжіліс залы).

Кіру тегін. b.umertayev@atameken.kz электрондық мекенжайы бойынша тіркелу қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Үстіге қарай